Атбасарда бұзылған бөгет былтыр 200 млн теңгеге салынған

1534
бөгет
Фото: rikatv.kz

Ақтөбе. 18 сәуір. 7kun.kz — Атбасардағы бұзылған бөгет 2016 жылы 200 млн теңгеге салынған. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымов хабарлады.

Бөгет Жабай өзенінде су деңгейінің күрт жоғарылағанынан бұзылған. Министрі Атбасардағы жағдайдың қиын екенін айтты. 269 тұрғын үйді су басып, 130 үйге қауіп төніп тұр.

«Таңертен су деңгейінің 40 сантиметрге төмендегені байқалды. Судың ең жоғары деңгейі 6 метр 10 саниметр болған. Ал таңертен 5 метр 70 сантиметрге дейін түсті. Қазіргі уақытта плотина құрылысындағы салғырттықтарға зерттеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды», — деп атап өтті министр.

Бақытжан Сағынтаев ҚР ІІМ министрінен қираған бөгетке бөлінген ақша сомасын айтуды талап етті.

«Атқарушы органдарға 200 млн теңге бөлінді. Біз зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл туралы қылмыстық іс те қозғалды. Дамбаның қалай салынғандығына сараптама экспертиза жасалып жатыр», — деп атап өтті Қасымов.

Сонымен қатар, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин бөгет жобасын көкшетаулық компания жасағанын айтты. Ал құрылыс жұмыстарын Астананың жалдамалы ұйымдар жүргізді.

Оның айтуынша, Ақмола облысында барлығы 12 ауданда 35 жолды су шайып, 37 халық қоныстанған аймақ (893 тұрғын үй) су астында қалды. 2 мың 400 тұрғын тез арада басқа жерге көшірілді. 2 мың 200 жануар қауіпсіз жерлерге айдалды. Қазіргі уақытта, 318 үйден суды сорғызып, 307 адам өз үйлеріне қайтып келді. Эвакуация пунктерінде және туысқандарының үйінде әлі де 1 мың 619 адам бар. Құтқару жұмыстарына 1055 адам жұмылдырылды.