Атырауда Халық банкі филиалының басшысы сотталды

Атырау
Фото: kapital.kz

Атырау. 1 тамыз. 7kun.kz — Сот «Қазақстан халық банкінің» Атырау облыстық филиалы Индер аудандық басқармасының бастығына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тергеу барысында басқарма басшысы кредит беру туралы мәселенің оң шешілуі үшін бірнеше мәрте ақшалай пара алып келгені анықталды», — делінген хабарламада.

Индер аудандық соты банк басқармасының басшысын ҚК-нің 253-бабы 5-бөлімі 2-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.