Атырауда жантүршігерлік жол апатынан үш адам зардап шекті

Атырау. 17 қазан. 7kun.kz – Атырауда жол-көлік оқиғасы (ЖКО) салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды 7kun.kz «Мой город-қа» сілтеме жасап.

«BMW жүргізушісі солға бұрылған кезде ВАЗ-2114-ке тап болды. ЖКО салдарынан 1993 жылы туған ВАЗ жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.