Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жеңілдетілген несие алады

Ауыл
Фото: securitieslawyer101.com

Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – Аграрлық кредит корпорациясы (АКК) АҚ агроөнеркәсіптік кешен жобаларын одан әрі қаржыландыру үшін ВТБ Қазақстан банкі 4 млрд теңге сомасына кредит желісін ашты.

Енді ауыл шаруашылығы өндірушілері ВТБ-да «Агробизнес» бағдарламасы аясында жылдық 6,8% сыйақы мөлшерлемесімен жеңілдетілген кредит рәсімдей алады.

«Осы таңда біздің банк кәсіпкерліктің әртүрлі салаларын қолдауға бағытталған 12 мемлекеттік бағдарламаға қатысады: шағын бизнестен ірі экспортқа бағытталған жобаларға дейін. Әрине, біз Қазақстан халқын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы саласын назардан тыс қалдыра алмадық. Агробизнес – жеңілдетілген кредит беру үлкен қолдау болып табылатын үлкен тәуекелдерге байланысты кәсіпкерліктің күрделі саласы. Біз АКК-мен келісімге қол қою арқасында осы сектордың дамуына ықпал ете алатынымызға қуаныштымыз», – деп  атап өтті ВТБ Қазақстан банкі Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло.

«Агробизнес» бағдарламасының шарттарымен ауыл шаруашылығының басым бағыттары белгіленген, оларға банк қаржыландыру туралы шешім қабылдай отырып, артықшылық беретін болады. Олардың ішінде: сүт өндірісі, құс шаруашылығы және шошқа шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы (көкөністер мен жемістер), сондай-ақ ет, балық және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жобалар бар. Сегменттерді таңдау елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту тұрғысынан негізделген. Аталған бағыттар бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер негізгі құралдарды сатып алуға, оның ішінде объектілерді жаңғыртуға, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарына және айналым қаражатын толықтыруға қаржы алуларына болады.