Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz - Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы 10,250,999,999 теңгеге жеке адамға сатылды, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі.
Оқу орны электронды саудаға www.gosreestr.kz сайтында орналастырылды.
Университетті сатып алуға үміткерлер кепілдік жарна ретінде 72 млн 150 мың теңге төлеу тиіс болатын.
Оқу мекемесі автокөлік және теміржол көліктері, оның ішінде қалалық электр көлігі мен метрополитентке, сондай-ақ ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және қаржы-экономикалық құрылымдар саласында мамандар дайындайды.
Мекеменің сатып алушысы өз қызметінің ауқымын өзгертуге, сондай-ақ академиялық мамандардың санын 5 жыл ішінде өзгертуге құқылы емес екенін атап өткен жөн.
Қорда 2020 жылға дейін 215 активті бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отырылғаны айтылды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024