Қазақстан 2017 жылдан бастап мұнай өндірісін арттырмақ

380
Қазақстан 2017 жылдан бастап мұнай өндірісін арттырмақ

Қазақстан 2017 жылдан бастап мұнай өндірісін арттыру жоспарынан айныған жоқ деп хабарлады бірінші энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.

«Есептік кезеңінде мұнай өндіру қарқынының төмендеуіне қарамастан Қазақстан Республикасында келер жылдары мұнай өндірісінің өсімі жоспарланып отырғандығын айта кеткен жөн. Осылайша, 2017 жылы мұнай өндірісінің көлемін 86 млн тоннаға дейін, ал 2020 жылы 104 млн тоннаға дейін артуын күтеміз. Бұл негізінен Теңіз кен орнының кеңейтілуіне және Қашаған кен орнында теңіздік мұнай өндірісінің қайта жаңғыртылуына байланысты», — деп мәлімдеі ол сәрсенбі күні Астанада өткен брифингте.

Сонымен қатар ол 2014 жылы Қазақстан бойынша мұнай өндірісі 80 млн 826 мың тонна болғандығын атап өтті.

Қашаған кен орнындағы мұнай өндірісінің қайта жүргізіліп басталуына тоқталғанда, вице-министр қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқандығын айтты.

«Әзірше, ештеңе өзгерген жоқ, мерзімдері бұрынғы — 2016 жылдың екінші жартысы. Жұмыстар бағдарламаға сәйкес орындалып жатыр, құбырлардың белгілі бір көлемі алынды және бүгін құбырларды төсеуге арналған орларды қазу жұмыстары басталады», — деп мәлімдеді ол.