АймақЖаңалықтарҚарағанды облысы‎Таңдаулы1

Қазақстан даму банкі Қарағанды облысында ТБК салу үшін несие желісін ашты

Алматы. 21 қазан. 7kun.kz — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қарағанды облысы Жәйрем ауылында (Жоба) жаңа тау-кен байыту комбинатын (ТБК) салу үшін несие желісін ашты.

Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, жобаның жалпы құны 424 млн АҚШ долларын құрайды. ҚДБ құны 352 млн АҚШ долларына бағаланатын ТБК-ның бірінші кезеңін салу үшін 7 жылға дейінгі мерзімге ұлттық валютада 33 млрд теңге көлемінде  қарыз ұсынады. Тиісті несиелік келісімге  тараптар 2017 жылы 20 қазанында Астана қаласында қол қойды.

Жаңа кен байыту фабрикасының қуаттылығы 460 000-480 000 тонна қорғасын және мырыш флотациялық концентраттарын алумен жылына 5 млн тонна полиметалл кендерін құрайды. 

«Жәйрем қорғасын, мырыш және бариттің ірі әлемдік кен орындарының қатарына жатады. Жаңа Жәйрем ТБК құрылысы «Қазцинк» компаниясы үшін аса маңызды. Себебі ол еліміздің шығысында орналасқан ескі кен орындары сарқылған соң қазақстандық ресурстық базаны сақтауға мүмкіндік береді», — дейді банктің басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

ҚДБ қаржыландыратын Жоба Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс істеп тұрған кен орындарының көз жетерлік болашақтағы сарқылуына байланысты «Қазцинк» ЖШС-ның ресурстық базасының орнын алмастыруға бағытталған.

Tags

Осы айдарда

Close