Қазақстан экономиканың бәсекеге қабілеттілігі бойынша Ресейден озды

экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
Фото: ca-portal.ru

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz — Қазақстан экономиканың бәсекеге қабілеттілігі бойынша Ресейден озып кетті. Ресей 44 орыннан 46 орынға төмендесе, Қазақстан 32 орынға көтерілді. Бұл рейтингті Швейцарияның IMD бизнес-мектебі құрды.

Рейтинг авторлары экономиканың бәсекеге қабілеттілігін 20 параметр бойынша бағалады. Олар: экономика көрсеткіштері, үкіметтің тиімділігі, бизнестің тиімділігі және инфрақұрылымы. Бұл параметрлер өз кезегінде 323 әр түрлі ерекеліктерден тұрады. Әлемдік ЖІӨ салымы, бензин бағасы, салық мөлшерлемесінің деңгейі, мемлекет саясатының ашықтылығы.

Авторлардың пікірінше, Қазақстан өз позициясын жылдам жақсартып алды. Мемлекет 47 орыннан бірден 32 орынға көтерілді. Ең жоғары көрсеткішке Қазақстан «Мемлекеттік қаржы» параметрлері бойынша жетті. Ол 51 орыннан бірден 4 орынға көтерілді. «Ішкі экономика» көрсеткіштері бойынша, 51 орыннан 40 орынға көтерілді. Сонымен қатар, «Бизнестің тиімділігі» бойынша да позиция нығайды. (.pdf).

2017 жылдың рейтингіне барлығы 63 ел ұсынылды. Онда Ресей 44 орында, бұл 2012 жылдан бергі Ресейдің ең төменгі көрсеткіші. Украина 60 орынға ығысты. Одан кейінгі орындарға Түркия мен Словакия тұрақтады.

Рейтингтегі алғашқы орынды екі жыл қатарынан Гонконг иемденді. Екінші және үшінші орындарда Швейцария мен Сингапур тұр. АҚШ үшінші орыннан төртінші орынға ығысты. Бұл АҚШ-тың соңғы 5 жылдағы ең төменгі көрсеткіші. Экономикасы бәсекеге қабілетті елдердің алғашқы бестігін Нидерланды аяқтайды. Ол сегізінші орыннан бесінші орынға көтерілді.
Цифрлі бәсекеге қабілеттілік
Жалпы бәсекеге қабілеттіліктен бөлек IMD цифрлі бәсекеге қабілеттілік рейтингін де ұсынды. Бұр рейтингте мемлекеттердің цифрлі технологияға бейімделуі мен мүмкіндіктері және қолданылуы бағаланды. Жаңа сандық индексте Қазақстан 38-ші орынға, Ресей 42-ші орынға, ал Украина 60-шы орынға ие болды.
Индекс 50 критерий бойынша таңдалды. Негізгі критерийлер — білім, технологиялық орта және болашаққа ашықтық.