“Қазақстан Халық Банкі” АҚ өз клиенттерінің төлем карталарын бұғаттайды

430

Алаяқтықтан сақтану мақсатында “Қазақстан Халық Банкі” АҚ барлық клиенттерінің төлем карталарын бұғаттайды.Бұл туралы “Казахстанская правда” басылымы хабарлайды.

Банк қызметкері мәлімдегендей, карта пайдаланушыларының бірінде алаяқтық белгілері байқалып,карта автоматты түрде құлыпталған.Айтуынша, алаяқтар “Халық Банкі” банкоматтарының біріне есептеу құрылғысы мен бейнекамераны орнатып,карта пайдаланушыларға тиесілі бар мәліметті көшіреді. “Cкимминг” деп аталатын алаяқтық әрекетпен жалған төлем карталарын жасап шығаратын көрінеді.

Сонымен қатар,банк қызметкері төлем карталарын бұғаудан босату карта иелерінің жеке жауапкершілігі арқылы жүзеге асатынын мәлімдеді.