«Қазақстан инжиниринг» компаниясы төрағасының экс-орынбасары қамауға алынды

Фото: iak.kz

Астана. 23 ақпан. 7kun.kz — «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков екі айға қамауға алынды деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі.

«Есіл ауданы №2 сот шешімімен, бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамауға алынды, яғни 16 сәуірге дейін», — деп хабарлады сотта.

Астана қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, Сұлтанбеков Астанада 22 ақпан күні ұсталған. Қылмыстық істің қай бап бойынша қозғалғандығы әлі хабарланған жоқ. Ұлттық компания сайты Сұлтанбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын мәлімдеді.