Қазақстан мен БАЭ алты жаңа келісімшартқа қол қойды

Қазақстан
primeminister.kz

Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz — Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапарында екі ел арасында алты жаңа құжатқа қол қойылды деп жазады Primeminister.kz. 

Біріккен Араб Әмірліктерінің астансында Назарбаев тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесу барысында келесі құжаттарға қол қойды:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім;
  • Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін (полиэтилен өндірісі) салуға қатысты ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы меморандум;
  • Атырау облысындағы полипропилен өндіретін зауыт жұмысына қатысу үлесін сатып алуға байланысты өзара түсіністік туралы меморандум;
  • «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы акционерлік қоғамының 49% акциясын сатып алудың негізгі қағидаттары туралы негіздемелік келісім;
  • «DP World» компаниясының «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамының капиталына қатысуының негізгі қағидаттары туралы негіздемелік келісім;
  • Дубайдағы «Экспо–2020» дүниежүзілік көрмесіне қатысу туралы шарт.

2017 жылы екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі 643 млн долларға жетті. Ал 2015 жылдан бері бұл көрсеткіш 6 есеге артты.