Қазақстан мен Қытай орталық банктері өзара ақпарат алмасатын болды

481

Қазақстан мен ҚХР Ұлттық банктері өзара ақпарат алмасып отырмақ. Бұл туралы екі ел арасындағы қаржылық жағдай барысын талқылаған Алматыдағы кездесуде айтылды деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, мемлекет арасындағы төлем жүйелері мен өзара есеп беруді дамыту істері, Қазақстан қор биржасындағы қаржылық құнды қағаздарды бірлесіп реттеу, сауданы  юань/теңге арқылы жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Бұл туралы Қытай ҰБ Синьцзяндағы филиалының президенті  Го Цзяньвэй: «Өткен жылы біз шекара маңындағы саудаға байланысты есеп жүйелерін реттеу туралы келісімге қол қойған болатынбыз. Қазақстан-Қытай компаниялары жақсы серіктес болу үшін Қазақстан қор биржасында жұптық (юань-теңге) саудаға жол ашылды. Сондай-ақ, Орталық банк арасында валюта айырбастау туралы келісім-шартқа қол қойдық. Яғни сіздерде болмаса бізде теңге мен юань жетіспесе, екі ел бір-бірінен ұлттық валютаның қажетті сомасын ала алады », — деп мәлімдеді.