Қазақстан мен Өзбекстан 560 млн доллардың келісіміне қол қойды

Қазақстан
Фото: advancedholdings.com

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz — Ташкентте өткен Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумында жалпы сомасы 560 млн доллар болатын 37 келісімге қол қойылды. Бұл туралы ОҚО кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөздің мәліметінше, мақта-текстильді кластерін құру бойынша және Шыршық машина құрастыру зауыты базасында бірігіп транформатор өндіру туралы меморандумдар бекітілді. Сонымен қатар, форфор ұнын, триполифосфат натрийін, ұн, цемент, металлопрокат және т.б. тасымалына қатысты келісімге қол қойылды.

176,4 млн долларға ОҚО-ның бірқатар («Транссистемс Экспорт» ($120 млн), «Дани нан экспорт» ($12 млн), «Алтын дән» ($1,4 млн), «Ордабасынан» ($30 млн), Asiatrafo ($6 млн), Sas-Тobetechnologies ($2 млн), «Шымкентцемент» ($3 млн) және «Амир-А» ($2 млн)) компаниясымен серіктестік туралы келісім жасалды.

Айта кетейік, форумға ОҚО-ның 121 компаниясы қатысты.