Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналым көлемін арттырады

Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналым көлемін арттырады

Ташкент. 3 қараша. 7kun.kz - 2 қарашада Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Ташкентте Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Ариповпен кездесіп, екі ел арасындағы тауар айналым көлемін ұлғайту бойынша келісімдерге келді деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.

Ташкентте өтіп жатқан ТМД елдерінің Үкімет басшыларының кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Екі ел министрлері екіжақты ынтымақтастықты дамыту, өңіраралық өзара іс-қимылды, әсіресе шекара маңы аумақтарында күшейту мәселелерін талқылады. Тауар айналымы көлемін ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, машина жасау және автомобиль құрастыру, азаматтық авиация, фармацевтика салаларында инвестициялық өзара байланысты кеңейту, көлік-транзиттік инфрақұрылымды дамыту шаралары, сонымен қатар әскери-техникалық және аэроғарыш салаларындағы бірлескен жұмыстардың келешегі қаралды.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.

Қазақстан мен Өзбекстанның тауар айналымы 1,2 млрд долларды құрайды.

Похожие материалы