Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Қазақстан
Фото: express-k.kz

Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейлі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі еліміздің  орталық банкі болып табылады және бірінші деңгейлі банкке жатады.

Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер екінші деңгейлі болып есептеледі.

Ұлттық Банк басқа елдердің орталық банктерімен байланыс орнатқан. Ол Халықаралық қаржы-кредиттік ұйымдар мен банктерде Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды.

Ұлттық Банк өз міндеттерін орындағанда пайда табуды басшылыққа алмауы тиіс.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ заңнамада өзіне берілген құзыреттілікті пайдаланады және банк саласында ешкімге тәуелді болмайды.

Ол Қазақстан Республикасының Үкіметімен тығыз байланыс орнатқан. Ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына кедергі келтірмейтін болса,  қаржы реттеуіш Үкіметтің экономикалық саясатына қолдау бірлідіреді.

Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

  • мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
  • қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау;
  • қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
  • ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру. Осы міндеттеріне сәйкес Ұлттық банкті қаржы реттеуіші деп те атайды.

 Ұлттық Банктің құрылымы мынадай:

  • 13 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 13 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат;
  • 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал — Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;
  • Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы Өкілдігі.

Ұлттық банктің 3 есеп беретін ұйымы бар:

  1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
  2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
  3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй

Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727)  2704-591

e-mail: hq@nationalbank.kz