Қазақстан жаңа Жібек жолының бір буынына айналу үшін $20 млрд жұмсайды

622
Қазақстан жаңа Жібек жолының бір буынына айналу үшін $20 млрд

Қазақстан Қытай мен Еуропа нарықтарының арасындағы негізгі транзитшілердің бірі болып, Орталық Азиядағы негізгі логистикалық операторға айналмақшы, осы мақсатта көлік саласын дамытуға 2020 жылға дейін 20 млрд доллар жұмсауды жоспарлап отыр деп келтіреді Қазақстанның инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің сөзін ria.ru.

«Елдің жаңа экономикалық саясаты ең алдымен барлық көлік-логистика инфрақұрылымының дамуын меңзейді. Мемлекет 2014 жылдың өзінде 2,5 млрд доллар бөліп отыр, ал 2015-2017 жылдың аралығында Ұлттық қордан жыл сайын 3 млрд доллардан бөлінетін болады. Жалпы есеппен біз 2020 жылға дейін түрлі қаржыландыру көздерінен тек көлік саласының дамуына 20 млрд доллар инвестиция құюды жоспарлап отырмыз», — деп мәлімдеді Ж.Қасымбек.

Болжамды бағалауға сәйкес, 2020 жылға таман Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалы 170 млн тоннадан асады. «Бүгінгі таңда жүктің негізгі бөлігі су арқылы тасымалданады, біз алдымызға барынша көп жүктің жер жолдары арқылы — Қазақстан мен Ресей арқылы өткізілу міндетін қойып отырмыз. Осы мақсатта бірқатар ірі жобаларды іске асырмақпыз», — деді министрдің орынбасары.

Бұл ретте Батыс Еуропа-Батыс Қытай жол жобасы туралы айтылып отыр, оның ұзақтығы 8 мың км, оның ішінде 2,8 км Қазақстан аумағы арқылы өтеді. «Жұмыстың алғашқы жемісі ретінде осы дәліз арқылы тасымал көлемі 1,5 есе артқандығын атап өтуге болады», — деп нақтылады Ж.Қасымбек.

Елдің ішіндегі жолдар желісін жетілдіруге қатысты жоспарлар туралы бұған дейін жазғанбыз.

Жобаны іске асыру мақсатында 2015 жылдың соңына дейін 5 млрд доллар шетелдік инвестицияны жұмылдыру жоспарланып отыр. «Біз Дүниежүзілік банкпен, ЕҚҚДБ-мен, Азия және ислам банктерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Күзде осы келісімдерге қол қоюды жоспарлап отырмыз», — деді Ж.Қасымбек.

Оның айтуынша, Қазақстанның көлік-логистика саласын дамытуға қатысты ұмтылыстары Қазақстанның бүгінгі күннің өзінде Қытайдан Еуропаға, Орталық Азиядан РФ-ға жүк тасымалдау кезінде сапалы, сенімді серіктес бола алады деп айтуға мүмкінді береді.