Қазақстанда қала құрылысы кодексі пайда болуы мүмкін

493

Қазақстанда қала құрылысының кодексі пайда болуы мүмкін. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы құрылыс, құрылыс материалдарының өндірісі және ТКШ комитетінің төрағасы Александр Белов мәлімдеді деп хабарлайды LS.

«Біз экономика министрлігімен алдағы жылдары қала құрылысы туралы кодекс құрастыруға келістік. Ол біздегі бар үлкен көлемдегі нормативті құрылыс құжаттарын біріктіреді. Өңдеу және енгізу бірнеше жылды алады», — деді ол. Әзірге жұмыс тобы құрылыс салу ережелерін қарап жатыр.

«Құрылыс салудың бірыңғай ережелеріне барлық рәсімдеу сәттері енгізілуі қажет. Бүгінде барлық қалаларда түрлі ережелер бар. Біз бұл ережелердің сәйкестендірілгендігін қалаймыз. Осы ережелерге байланысты құрылыс көлемінің көбейгендігі керек», — деп атап өтті ол.

Құжатты осы жылдың 1 тамызына дейін құрастырып біту жоспарланып отыр. Заңнамаға өзгеріс енгізу қажеттілігі 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін көрсетілуі қажет.

Жұмыс тобы тұрғын үй құрылыс көлемінің ұлғаюын да қарастырып жатыр. «Бүгінде коммерциялық құрылыс өткен жылғымен салыстырғанда азайып, мемлекеттік құрылыс көбейді. Тұтынушы үшін айырмашылық жоқ, ал кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бұл өте үлкен сұрақтар. Біз құрылыс бағасын төмендетіп, тұрғын үй құрылысын көбейту жолдарын іздестіріп жатырмыз», — деп түсіндірді А.Белов.

Сондай-ақ, құрылыс обьектілерінің баға белгіленімі әдістерін өзгерту тақыланып жатыр. «Сметалық баға белгіленімі ескірді. Біз таза баға белгіленіміне ұмтылып жатырмыз. Ресурсты әдісті енгізген кезде, мемлекет периодты түрде айына немесе тоқсан сайын бір рет құрылыс материалдар мен жалақы төлемінің сметалы базасына өзгеріс енгізіп тұрады»,- деді ол.