Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігінің концепциясы дайындалуы қажет

Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігінің концепциясын дайындау қажет. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде сенат депутаты Сергей Плотников осылай деп мәлімеді.

«Азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде құжат дайындауда шешілмеген мәселе бар, демек арнайы концепция құрастыру қажет. Жобаның аясында халықтың төлем төлеу қабілеті, азық-түлік өнімдерін кедендік және тарифтік бақылау жөніндегі тиімділігі, азық-түлік өнімдерін тұтынудың физикалық нормалары, өнімдер сапасының проблемасын шешу сияқты негізгі сұрақтар қаралуы қажет. Аталған жобаны іске асыру ел ішіндегі азық-түлік қауіпсіздігін тұрақтындыруға толықтай мүмкіндік береді»,- деп мәлімдеді спикер.

Сенатордың сөзінше, азық-түлік қауіпсіздігін шешу туралы мәселеге бюджеттік және қаржылай институттар тартылуы қажет.