Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің бағасы 0,9 пайызға арзандады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, азық-түлік тауарлары бағасының 0,9 пайызға төмендеуі инфляцияның 0,1 пайыздық тармаққа төмендеуіне үлес қосты. Бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің 9,2 пайызға маусымдық арзандауымен байланысты. Жаңа піскен жемістердің бағасы 4,4 пайызға, жаңа піскен көкөністерге 13,2 пайызға, картоп 20,4 пайызға төмендеді. Сонымен қатар, құмшекер бағасының 2,2 пайызға, қарақұмық жармасының 2,9 пайызға, жұмыртқаның 1,5 пайызға төмендегендігі байқалады.
Статистика деректеріне қарағанда, жыл басында 19 әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарының баға индексі 1,1 пайызды құрады.
2017 жылы тамызда жекелеген азық-түлік бағасының: шұжық 1,4 пайызға, құс еті 1,2 пайызға, сиыр және шошқа еті 1,1 пайызға, жылқы және қой еті 0,4 пайызға артқаны байқалды. Сүт өнімдерінің бағасы 1,2 пайызға, алкогольді ішімдіктер 1 пайызға өскен.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024