Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттерін 25 пайыз жеңілдікпен сатып алуға болады

Қазақстанда бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттерін 25 пайыз жеңілдікпен сатып алуға болады

Алматы. 24- қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бағдарлар бойынша жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтердің шекті тарифтерін анықтаудың жаңа әдістемесі бекітілді, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.

Соған сәйкес, сатып алған күніне және пойыздардың жүктемесіне байланысты билет бағасының өзгеруін қарастыратын динамикалық тарифтік бағаны белгілеу енгізілді.

Бірінші кезеңде динамикалық бағаны белгілеу пилоттық режимі екі облысаралық және қала маңына қатынайтын бағыттарға енгізілді. Олар Алматы –Астана – Нұрлы жол №3/4, Астана 1- Сарыағаш №085/086 бағыттары. Ал, 8- наурыздан бастап Астана-Қарағанды №853/854 бағытына енгізілмек. Кейін жаңа тәртіп  әлеуметтік маңызы бар барлық қатынастар бойынша жүретін пойыздарды қамтитын болады.

Аталған пойыздарда «-25 пайыз» және  «+25 пайыз» дәлізінде динамикалық баға белгілеуді қамтитын тарифтік бағалар кестесі енгізілді. Осылайша, билетті ертерек сатып алатын  жолаушының оны базалық бағадан төрт есе төмен бағада сатып алу мүмкіндігі бар. Пойыздың жүретін күні жақындағанда және белгілі бір бағытқа сұраныс артқан кезде билет құны өсетін болады.

Жоғарыда көрсетілген пойыздарға билеттерді 2018 жылдың 23 қаңтарынан бастап сатып алуға болады.

Қания Табыс

Похожие материалы