Қазақстанда депозиттер көлемі 17,9 трлн теңгеге жуық

депозиттер
Фото: vseozolote.ru

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2018 жылғы маусымның соңында 17 840,2 млрд теңге (бір айда ұлғаю 5,6%) болды. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 455,4 млрд теңгеге дейін 8,0%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 8 384,8 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 9 903,1 млрд теңгеге дейін 5,4%-ға, шетел валютасымен 7 937,1 млрд теңгеге дейін 5,8%-ға өсті. Долларландыру деңгейі маусымның соңында 44,5% (2018 жылғы мамырда – 44,4%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2018 жылғы маусымда 5 443,8 млрд теңгеге дейін 6,0%-ға, шетел валютасымен 4 011,6 млрд теңгеге дейін 10,8%-ға (заңды тұлғалардың депозиттерінен 42,4%) өсті.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 459,2 млрд теңгеге дейін 4,6%-ға ұлғайды, шетел валютасымен 3 925,5 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға (жеке тұлғалардың депозиттерінен 46,8%) ұлғайды.

Мерзімді депозиттер көлемі бір айда 2,8%-ға ұлғайып, 11 859,8 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютамен салымдар 6 384,8 млрд теңге, шетел валютасымен – 5 475,0 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,1% (2017 жылғы желтоқсанда – 8%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 11,2% (11,7%) болды.