Қазақстанда депозиттер көлемі төмендеді

депозит
Фото: alfabank.ua

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz — Қазақстанда депозиттер көлемі 1%-ға төмендеді, 16,89 трлн теңгені құрап отыр.

Мамырдың соңында заңды тұлғалардың салымы 1,7%-ға, яғни 8,75 трлн теңгеге азайды. Ал жеке тұлғалардың депозиті 0,1%-ға, немесе 8,14 трлн теңгеге түсті.

Ұлттық банктің мәліметінше, ұлттық валютаның көлемі есеп айында 0,2%-ға өсіп, 9,39 трлн теңгені құраса, шетелдік валюта болса керісінше 2,3%-ға кеміп, 7,49 трлн теңгеге азайды. Мамырдың соңында долларизация деңгейі 44,4%.

Ұлттық валютада заңды тұлғалардың депозиттері 1,8%-ға,ал шетелдік валюта депозиттері 1,6-ға төмендеді.

Жеке тұлғалардың теңгедегі салымы 2,7%-ға (4,26 трлн) көбйсе, шетелдік валютада 3%-ға (3,87 трлн) азайды.

Жедел депозиттер көлемі 11,53 трлн теңгеге қысқарып, бір айда 2%-ға түсті.