Қазақстанда доллар бағамы бір аптада12,5%-ға дейін өсті

487

Соңғы аптада Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық барысында доллар бағамы 12,5% өсті. Бұл туралы «Асыл-Инвест» АҚ сараптама департаментінің директоры Айвар Бәйкеновке сілтеме жасап Lsm.kz хабарлайды.

«Таңғы сессиядағы теңгенің орташа құнын ескерсек, ұлттық валюта құны 1 долларға қатысты 243,1 тг-ден 273,6 тг-ге құлдырады немесе 12,5% -ға төмендеді»,-деді А.Бәйкенов.

Оның пікірінше, теңгеге «фундаментальді әрі алыпсатарлық» негізінде түскен қысым сақталуда. Сонымен қатар, теңге құлдырауына салыстырмалы сауда-саттық көлемінің азаюы да әсер ететінін айтты.

А. Бәйкенов тамыз айында 1 долларға қатысты теңге құны 300 тг-ге дейін құлдырайды деп  болжам жасағанын растады.

«Өтімділік төмендеген кезде және нарықтағы ойыншылар саны азайған кезде банктердің алып — сатарлыққа мүмкіндіктері көбейеді. Теңге курсын еркін айналымға жіберген сәттен бастап, біз теңге курсын 280-300 теңгеге жететінін  күткен едік. Енді ойлаған төменгі шекке жеткендіктен жылдың соңына дейін 300 теңгені  ұстаса деп күтеміз. Алайда бұл біз ойлаған шек болмауы да мүмкін»,-деді ол.

АҚШ доллары сауда аясында бірден 9 теңгеге (34%) нығайып, қатысушылар ұлттық валюта құны долларға қатысты 270 теңгеге әлсірейді деген еді.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттық барысында теңге бағамы 1 долларға қатысты 278,54 тг көлемінде жабылған еді.

cfea2c8e-USDKZT 14 сентября
Фото: lsm.kz