Алматылықтар 8 айда 3 млрд доллар сатып алды

Алматылықтар
Фото: paytm.com

Алматы. 20 қазан. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-тамызында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында еуро мен АҚШ долларын сату артты. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Ауырбастау орындарында АҚШ долларын сату сегіз айда 2016 жылдың сәйкес кезеңінен 23,1 пайызға (6,6 млрд тг) артқан.

Долларды сатып алу бойынша Алматы тұрғындары бірінші тұр. Олар қаңтар-тамызда 3 млрд доллар сатып алған. Бұл Қазақстанда сатылған доллардың 45,4%-ін құрайды. Астана қаласы — 789,4 млн доллар. Республика бойынша үлесі — 11,9%. Үштікті  Оңтүстік Қазақстан облысы  731,6 млн доллармен қорытындылайды. Республика бойынша үлесі -11%.

Ал еуро сатылымы 1,5 есеге көбейген (728,5 млн евро). Бұл көрсеткіш 2016 жылы 493,9 млн евро болған еді.

Еуро сатылымы бойынша да Алматы қаласы бірінші орында тұр. Алматылықтар сегіз айда 352,3 млн евро сатып алған.  Республика бойынша үлесі — 48,4%. Ал Астана қаласының тұрғындары 129,3 млн евро сатып алған. Республика бойынша үлесі — 17,7%. Үшіншіде Қарағанды облысы — 40,4 млн евро. Республика бойынша үлесі — 5,5%.

Аймақтар бойынша рубль сатылымында өзгерістер байқалады. Рубльді ең көп сатып алған қалалар тізімінде  Алматы (14,4 млрд рубль), Шығыс Қазақстан облысы (11,2 млрд рубль), Астана (10,0 млрд рубль) көш бастап тұр.