Қазақстанда ең көп сатылатын смартфондар белгілі болды

үлгілері
Фото: mercurynews.com

Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz — 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ең көп сатылған смартфон — Samsung Galaxy J5 болды. Бұл туралы Kaspi.kz магазині хабарлады.

Өткен жылы бұл дүкен арқылы 300 мыңнан астам смартфон сатылған. Жалпы 2017 жылы елімізге құны жарты миллиард долларды құрайтын 4,5 миллион құрылғы келген. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 40 пайызға жоғары. Импорттың түгелге жуығы Қытай мен Въетнамнан келеді. Басқа елдерде құрастырылған құрылғылар біздің елде сирек сатылады.

Компания мәліметінше өндірушілер арасында Samsung көш бастап тұр. Екінші орында Apple. Ал қазақстандық нарықта ұзақ уақыт бойы үшінші орында болған LG-ді, қытайлық Xiaomi мен Huawei ығыстырып шығарған.
Xiaomi сатылымы бір жылда алты есе, Huawei — жеті есе өсті.

Смартфондар арасында сөзсіз көшбасшы — бюджеттік Samsung Galaxy J5. Бір жылда клиенттер дүкеннен осы үлгідегі 47 мың смартфон сатып алған. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда үш есе көп. 2016 жылы әрбір оныншы сатып алушы Samsung Galaxy J5 таңдаса, 2017 жылы әрбір алтыншы адам таңдаған.

Apple iPhone 7 — екінші орында. Топ-10-ға бірінші рет Xiaomi-дің екі бірдей арзан смартфоны кірген.

2017 жылы бюджеттік үлгілерге сұраныс қымбат смартфондарға қарағанда жылдам өскен.

Смартфондардың түсіне қатысты сән де өзгерген: 2016 жылы трендте алтын түсті смартфондар болса, 2017 жылы қара түсті көбірек сұранысты болған. Үштікке сұр түсте кіреді. Қалған түстер жалпы сатылым көлемінің аз ғана үлесіне ие. Алайда сатып алушылар бір жылда бәрібір бірнеше мың қызғылт, көк және басқа да стантартты түстен бөлек телефондар сатылған.

Интернет-дүкенде сматрфондарды көбіне 20-35 жас аралығындағы аджамдар сатып алады. Екінші орында 36-50 жас аралығындағы аудитория.

Бірақ, жастар арасында сатып алушылар қатары күн санап артып келеді. Әрине, бұған сәйкес, арзан бағалы смартфондардың сатылымы да артады деген сөз. Өздеріне гаджет сатып алғысы келген барлық студент қалтасы көтеретін жаңа смартфон үлгісін иемденгісі келетіні анық.

Жалпы Қазақстанда 36,5 миллион ұялы байланыс нөмірі бар. Тек 2017 жылы ғана елде бір миллион жаңа нөмір тіркелген. Енді әрбір ересек адам кемінде екі sim-картаға ие. Тағы айта кететін жайт ұялы интернетті қолдану көрсеткіші ұлғайып келеді. Ұялы құрылғы арқылы интернетке кіретіндер саны бір жылда екі миллионға артқан. Ұялы интернетке 14 миллион абонент қосылған.