Қазақстанда интернет-сауда көлемі екі есе артқан

517

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz — Қазақстандықтардың электронды коммерцияға қызығушылығы артып келеді – 2016 жылы интернет-ресурстардағы қызмет пен тауарлар сатып алу үшін 33 млн транзакция жүргізілген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл туралы ranking.kz агенттігі хабарлады.

Интернет-ресурстар арқылы қолма-қол емес төлемдер 2016 жылы 307 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,4 есе өскен. Ал төлем жасауда транзакциялардың көлемі 11 пайыздан 23 пайызға артқан. Қазақстандықтардың ең көп сауда жасаған уақыты  желтоқсанда тіркеліп, сауда өсімі 42,5 пайызды құраған.

Қазақстанда қолма-қол емес төлем жасау көбейіп келеді. 2016 жылы осындай төлемдер саны 1,32 трлн теңгені құраған. Бір жыл ішіндегі өсім 59 пайызды құраған еді (салыстыру үшін: 2015 жылы өсім тек 1,1 пайызды құраған).

2016 жылы Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 20,3 пайызға немесе 8 трлн теңгеге дейін артқан.  2015 жылы бұл көрсеткіш 6 трлн теңгені құраған еді.