Қазақстанда пара алғандарға ату жазасын қолдану ұсынылды

ату
Фото: tengrinews.kz

Астана. 23 тамыз. 7kun.kz — Қазақстанда жемқорларды «ұсталған жерінде ату» ұсынылды. Мұндай мәлімдемені «Азаматтық альянс» басшысы Нұрлан Ерімбетов мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің отырысы кезінде жасады.

«Мені жұмсақтығымыз таңғалдырады. «Адам 100 миллион пара алады да, 5 миллион айыппұл төлейді. Ұсталған орнында ату керек, өйткені бұл балаларымыз бен ақсақалдарымыздың ақшасы, денсаулығымыз бен отбасыларымызды асырауға арналған ақша», — деді Нұрлан Ерімбетов.

Отырыс кезінде ең жемқор мемлекеттік орган қаржы министрлігінің бөлімшелері екені айтылды.

«Кеден және экономикалық тергеу органдары ең жемқор. 2001 жылдан бергі ресми статистикасы осы уақытқа дейін жемқорлық деректері бойынша 10 мың адам сотталғанын көрсетіп отыр. Сотталушылар саны бойынша екінші орында Қаржы министрілігі, олардың 86 пайызы Мемлекеттік кіріс комитеті, кеден, салық және экономикалық қызметте істегендер», — деп атап өтті агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов.