Қазақстанда салық пен кеден кодекстері жеке-жеке дайындалады

Фото: Kapital.kz

Астана. 4 ақпан. 7kun.kz — Қазақстанда салық пен кеден кодекстері жеке-жеке дайындалады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезектен тыс отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жаңа салық кодексін әзірлеу барысында әкімшілеуді түбегейлі жеңілдетуі әрі оны барынша түсінікті жасауы қажет. Бұл жұмыстардың аясында тиімсіз салық жеңілдіктері мен преференцияларға ревизиция жүргізіп, алып тастау керек», — деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, бұған дейін біріктірілген салық  және кеден кодексін әзірлеу көзделген болатын. «Бірақ, Президенттің тапсырмасына сәйкес, Ұлттық экономика мен  Қаржы министрліктері жеке-жеке салық пен кеден кодекстерін әзірлеуі тиіс», — деді Сағынтаев.