Қазақстанда тұрғын-үй бағасы арзандады

1205

2015 жылдың шілде айында өткен аймен салыстырғанда қайта сататын тұрғын-үй бағасы 1,2 пайызға, жаңасы — 0,3 пайызға төмендеді деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.

Абаттандырылған тұрғын-үйді жалға беру құны 0,8 пайызға түсті.

тұрғын үй

кесте ү

Өткен айлардағы баспана сатылымы жағынан көш басында Алматы қаласы тұр, мұндағы тұрғын үйді сатып алу- сату мәмілелерінің саны — 2 001, одан кейінгі орында Қарағанды облысы — 1 667 және үшінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы, мұндағы көрсеткіш — 1 411. Сондай-ақ, алғашқы бестікте Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы бар — 1 383 және 1 277.

Ақпарат көзі: Forbes.kz