Қазақстанда Vimeo видеосервисі қайта іске қосылды

Қазақстандағы Vimeo интернет-ресурсы қайта жаңаланды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне сілтеме жасап, Тengrinews.kz хабарлайды.

Ведмоствада хабарланғандай, сайт ҚР Заңына қайшы келетін материалдардың бәрі өшірді. 14 қазан күні Қазақстан қолданушылары үшін видео-хостинг сайтына кіру қайта қалпына келтірілді.

Еске салайық, Комитет мониторинг жүргізу барысында vimeo.com-нан терроризм идеялары мен діни экстремизмді насихаттау және табынушылық әрекеттер бар видеоматериалдарды тапқан.  Сондай-ақ, аталған сайтта «Ислам мемлекеті» (ИЛИМ) халықаралық террористік ұйымының видеолары жиі таратылған.

ИЛИМ-ге қатысты табылған видеоларда радикалды террористік топтың кепілге алған адамдарды зорлықпен өлтіргені туралы көрсетілген. Осылайша, Астанадағы Есіл ауданы сотының шешімімен сайт Қазақстан аумағында бұғатталған еді.