Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – Криптовалютаның танымалдығының тез өсуі адамдардың назарын бірден аударды. Бірақ қарапайым адам үшін «монеталар» және олармен байланысты технологиялардың құрылымын түсіну өте қиын. Сондықтан, Tangem ақылды криптобанкноттарды шығаруға шешім қабылдады.
Компанияның негізін қалаушылардың бірі Андрей Пантихиннің айтуынша, криптобанкноттарды шырудағы мақсат – Bitcoin-ды физикалық түрде енгізу. Яғни, банкнот, криптовалюта және басқа да сандық құралдарда арнайы чип болады. Осындай банкноттарды қолдану арқылы адамдар еркін транзитті қызметтерді пайдалана отырып, өз теңгерімдерін сақтай алады. Сонымен қатар, онлайн-транзиттер арасындағы қызметтер де лезде орындалып отырады.
Пантюхин «Hackermoon-ға» берген сұхбатында, банкноттарды арнайы дүкендерде және сауда желілерінде кәдімгі ақшамен сатып алуға болатынын айтты.
Криптобанкноттарды қолдану өте оңай. Оны пайдаланудың алдында оны пайдаланудың негіздерін оқу керек. Ал, негізінен, мұндай ақшаны пайдаланудың қарапайым ақшадан еш айырмашылығы жоқ. Банкнотты қайта бұзу өте қиын болады. Себебі оған жұмсалған қаражат банкнотаның бастапқы құнынан айтарлықтай қымбат тұрады. Егер басқа тараптан бұзуға әрекет етілген күннің өзінде банкнот иесінің активтерін иемдене алмайды.
Қазір бір банкноттың құны екі долларға жуықтайды. Тиісінше, криптовалютаның айналымы күннен-күнге көбейіп келеді. Девелоперлер қарапайым қағаз ақшаның құнын нарықта төмендетуді жоспарлап отыр. Компания криптобанкноттарды жалпыға қолжетімді етуге бар күшін салып, мұны дистрибьюторлардың қолдап және миллиондаған адамдар Bitcoin-ды кәдімгі ақша ретінде коммерциялық ортада еркін қолдануын қалап отыр.
Рүстем Пердебек
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!