Дүниежүзілік банктің (ДБ) «Еуропа мен Орталық Азия экономикасы туралы: төмен шикізат бағасы мен әлсіз валюталар» баяндамасында Қазақстан экономикасы осы жылы 1,5% , 2016 жылы 2,2% деңгейінде өсетінін болжайды.
«2015 жылы мұнай бағасы орта есеппен барреліне 50 доллар және 2017 жылға дейін біртіндеп 58 долларға дейін өседі деп күтілуде. Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуі 2015 жылы 1,5% бастап, 2017 жылы 3,3%-ға дейін көбейеді деп болжануда. (…) Бағаның нығая түсуі осы жылғы жалпы қаржы балансы ЖІӨ дифицитінен 2,2%-ға, 2017 жылы 1,8% -ға артады»,- делінген баяндамада.
Банк болжамы бойынша, 2015 жылы Қазақстандағы инфляция 8,1%-ды құрайды.
«Тауарларға деген ішкі және сыртқы сұраныстың аз болуы, өнеркәсіп және қызмет көрсету секторларындағы өсімге кедергі келтіреді. Ішкі сұранысқа ұлттық валюта курсының әлсізденуі мен бағаның өсуі әсер етеді»,-делінген баяндамада.
Осы жылдың тамыз айында Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің бас экономисті Кристос Костопулос Қазақстандағы ЖІӨ-нің өсуі 1,5% деңгейінде болады деп болжаған еді.
2014 жылы Қазақстандағы ЖІӨ 4,3%-ға өссе, инфляция 7,4%-ды құраған.