Қазақстандағы жылыжайлардың 80 пайызы ОҚО-да орналасқан

орналасқан
Фото: http://moyateplica.ru/

Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz — Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстан облысына келіп, жұмыс сапарын «Жабай ата» ЖШС жылыжай кешенін аралаудан бастады деп жазады Primeminister.kz.

Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында бес жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырды.

Қазақстандағы барлық жылыжайлардың 80 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. 2017 жылы өңірде 201,7 га жаңа жылыжай пайдалануға берілді, оның ішінде Сарыағаш ауданында — 72 га. Бұған қоса, биыл жалпы ауданы 214 га болатын жаңа жылыжай кешендерін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сарыағаш ауданындағы кәсіпорындарды тексеру барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа Президенттің тапсырмаларын орындау аясында қабылданған шаралар туралы баяндалды.