
Қазіргі уақытта киім таңдау жоғары дәрежеде. Адамдар киімді матасының физикалық, химиялық қасиеттерін, оның қалыңдығы мен жұқалығын, түрі мен түсін ескере отырып таңдайды. Халықтың мата таңдауға деген талғамы да, сұранысы да артып жатыр.
Қазақстандағы мата мен мақта өндірісі 70-80 жылдардан бері қарқынды дамып келеді. Сол уақыттан бері мақта-мата өндірісі тұрақтала бастады.
Маталарды өндіруге қажетті табиғи және химиялық талшықтардағы мақта маталарының үлесі 80 пайыздан астам. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының деректері бойынша, мата мақталарды өндірудің өсу серпіні байқалып отыр. Мысалы, республикада 2000 жылы – 6,8 млн шаршы метр, ал 2005 жылы- 19,1 млн м 2 мақта матасы өндірілді.
Қазіргі уақытта матаның сапасынан қарағанда бағасына көп көңіл бөлетіндіктен шетелдік сапасыз маталарға сұраныс артып, қазақстандық өнім артта қалып жатыр.
Қазақстанда қазіргі уақытта басқа салалармен салыстырғанда мата өндірісінің даму деңгейі төмен. Мақта маталарды шығарумен айналысатын тек қана үш компанияны атап көрсетуге болады. Олар: «Меланж» АҚ, «Қазақ орыс тоқыма альянсы» ЖШС, «Almaty Cotton Plant» ЖШС. Алайда басқа мата өндіретін мемлекеттерден қарағанда бізде мата сапасы жақсы. Бірақ өте аз өндіріледі, сондықтан бағасы да қымбат. Біздің жердің табиғаты мақта өсіруге қолайлы. Бірақ егілген мақтаны өндіретін кәсіпорындардың аздығы мен мақтаны экспорттау бұл саланың дамуына үлкен зиян келтіріп жатыр. Өзге шет елдерде мата, киім өндірісі қарқынды дамып отыр. Әсіресе Түркия мен Қытай, Ресей сияқты мемлекеттер матаның түрлі қасиеттерін ашып, айналымға енгізді. Қазақстанда да матадан жаңашылдық қасиеттер табу үшін арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Салтанат Эсентураева ҚазМемҚызПУ 1курс студенті
Улжан Алашабаева магистр, ҚазМемҚызПУ аға оқытушы ҚР Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі