«Химфарм» компаниясы салық төлеуден көш бастап тұр

салық
Фото: nexttechnology.ru

Алматы. 24 шілде. 7kun.kz — 2016 жылдың қорытындысы бойынша, «Химфарм» мен «Медсервис» дәрі өндіруші компаниялары салық төлеуден көш бастап тұр. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Содан кейінгі орында  «Стофарм», «Эмити интернешнл» және Inkar компаниялары.

2017 жылдың қаңтар-мамырында мемлекеттік бюджетке түскен салық көлемі 2,9 трлн теңге. Бұл 2016 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 11,5 пайызға көп.

Еске салсақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен, халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың тізбесі 59 жаңа дәрімен толықтырылды.