Қазақстандық миллионердің әйелі күйеуінің трансгендермен қарым-қатынасы туралы жариялады

әйелі
Фото: Medialeaks

Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстандық Forbes-тің тізіміне енген олигарх Айдан Карибжановтың әйелі Мақпал Карибжанова күйеуінің америкалық трансгендермен күдікті қарым-қатынасы туралы пост жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Манхэттенде трансгендерлер бәрінен әдемі болып саналады. Алексия есімді трансгендерге барғанды ұнатқан Саакашвили оқиғасы естеріңізде ме? Адам ішімдікке салынып, деградацияға ұшырағанда бұдан қашып құтылу мүмкін емес шығар. Осы тұста әйел қауымына сұрақ қойғым келіп отыр. Төсегіңізде «бойы 8 инч болатын үшінші сұлу жатқанына» дәлеліңіз бола тұра күйеуіңізбен бірге тұрасыз ба? Танысып қойыңыздар, ол менің тұңғыш қызыммен аттас – Ясмин. Бұл мен үшін тағы бір сорақылықтың көрінісі болып отыр. P.S: Менің күйеуім Нью Йоркте ажырасқысы келмейді. Бұған тағы бір себеп – Ясминмен байланысы. Ол Нью Йорк жоғарғы соты ісіне ресми кірістірілген», — дейді Мақпал Карибжанова.

Алайда біраз уақыттан кейін ол жазбаны өшіріп тастаған. Аталған постқа көптеген пікір жазылды. Солардың біріне Мақпал Карибжанова «Мен ешнәрсені жасырғым келмегендіктен, осылай жазып отырмын. Күйеуімнің абырой-беделі үшін жауапкершілікті алғым келмейді. Бұл барлығының кішкене ғана бөлігі. Барлық сорақылықтың кішкене ғана бөлігі» деп жауап берді.

Мұнымен қатар, Мақпал Карибжанова күйеуімен екі жылдан бері бірге тұрмайтынын айтып өтті. Қазір ерлі-зайыпты ажырасып жатыр. Осы күнге дейін Айдан және Мақпал Карибжановтар бақытты әрі адал жұптардың қатарына кірген болатын. Олардың үш баласы бар: қыздары – Ясмин, Иман-Аймек және ұлдары – Жан.

Бұдан өзге Мақпал Карибжанованың айтуынша, күйеуі трансгендермен қарым-қатынасын жасыру үшін Қазақстанда басқа әйелмен көңіл жарастырып жүр.

«Мен болашақ туралы емес, қазіргі сәт туралы айтып тұрмын. Осы постты оқығандарға өтінішім бар. Маған қолдау немесе терең философиялық сөздер қажет емес. Бар болғаны біздің қоғам мен осы қоғамдағы әйелдің рөлі туралы ойлаңыздар!», — дейді ол.

Айдан Карибжановтың өзі Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында әйелімен ажырасып жатқанын растады. Мұнымен қатар, белгілі бір себептерге байланысты ажырасу процессінің ұзаққа созылатынын айтып өтті.

«Мен расымен де ажырасып жатырмын. Бұған мүлікке бола дауласып жатқан сот процесстері дәлел. Мақпалдың бүгінгі жазбасы мені жылдамырақ ажырасуға итермелей түсті. Заңгерлер бұл мәселені шешумен айналысып жатыр», — деді Карибжанов.