Қазақстандықтар үй телефонынан жаппай бас тартып жатыр

787
үй
фото: AIF

Алматы. 6 қараша. 7kun.kz — Қазақсандағы үй телефондар желісі тағы 5 пайызға қысқарды деп хабарлайды Energyprom.kz. 

2017 жылдың үш кварталының қорытындысы бойынша, үй телефондарының қызметінен 30,9 млрд теңге табыс түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға аз.

Бұрын жергілікті байланыс желілерін қызметін жиі пайдаланатын аймақтар да, бұл қызметтен бас тарта бастады. Алматы облысында бір жылда 6,3 пайызға қысқарса, Қарағандыда 8,1 пайызға дейін азайған. Тек Атырау облысында ғана үй телефонын пайдалу қызметі 0,4 пайызға өскені байқалып тұр.

Сондай-ақ, қалааралық және халықаралық байланыс бойынша да қызметтеріне де сұраныс 13,1 пайызға азайған.

Телефон желілерінің қысқаруы 2014 жылдан басталған. 2017 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша байланыс қызметінің 32,7 пайызын интернет құрады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 30,3 пайыз шамасында еді.