Қазақстандықтардың ұлттық валютадағы салымдары артып келеді

938
валюта
Фото: 7kun.kz

Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz — Теңге бағамының тұрақсыздығына қарамастан, қазақстандықтардың валюталық салымдары артып келеді, бұл туралы ranking.kz хабарлайды.

Жеке тұлғалардың мерзімді және шартты салымдары 2017 жылдың шілдесінде 1,9 пайызға өсті. Бір жылдық өсім 8,0 пайызды (7,19 трлн теңге) құрады.

Халықтың жартысынан көбі жинақ қорларын шетел валютасында ұстайды — 52,8 пайыз (4,18 триллион теңге) құрайды. Мұндай салымдар бір жылда 12,4 пайызға төмендеген. Өткен айда 58,1 пайызды құраса, өткен жылы 71,7 пайызды құраған.

Ұлттық валютадағы салымдар тұрақты өсімді көрсетті, шілдедегі өсім 1,9 пайызды құрады (3,01 трлн теңге). Бір жылда теңге депозиттері 59,4 пайызға өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің жылдық өсімі бойынша «Kaspi Bank» көш бастап тұр. Жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық портфеліндегі теңгелік депозиттер 63 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 45,1 пайызға көп.

Екінші орында — «Халық Банкі». Өсімі 196,6 млрд теңге (43,8 пайыз), 645,4 млрд теңгеге дейін өскен.

Үшінші орында жылдық өсімі 190,3 млрд теңгені құраған (43,8 пайыз) — Қазком банкі. Теңгедегі депозиттердің көлемі 2017 жылдың шілде соңында 563,5 млрд теңгеге жеткен. Банктің депозиттік портфеліндегі ұлттық валютадағы салымдар 42,4 пайыз, бір жыл бұрын — 25,8 пайызды құраған.

Депозитті ашудың ең төменгі мөлшерлемесі ЦентрКредит Банк — 0 теңге, Kaspi — 1000 теңге, Қазком мен Сбербанк — 3 000 теңгені құрайды.

Айгүл Хожантаева