Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – Шетелде демалатын қазақстандық туристер үшін міндетті сақтандыру ережесі енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сергей Симонов мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта кез-келген саяхатқа шығуға жиналған адамның ең соңғы мезетте ойлайтыны - сақтандыру. Бұл баршаға мәлiм. Мысалы, Шенген визасын тек сақтандыру болғанда ғана алуға болады. Яғни, заңнамаға сәйкес сақтандыру - ерiктi iс. Ал, виза үшiн сақтандыру алғанда, ол мiндеттi iске айналады. Бұл жағдайда туристер сақтандыруды алуға мәжбүр болдық деп есептейдi. Десек те, шетелде қиын жағдайға түскен туристiң қаржы шығындарын азайту мүмкiндiгi сақтандыру компаниясын сәттi таңдауына байланысты», - дедi Симонов.
Депутаттың айтуынша, елiмiздегi қазiргi туристердi сақтандыру саласы тиiмсiз жұмыс iстейдi. Сондықтан, шетелге шығатын қазақстандық туристердiң «өмiрiн сақтандыру» принципiмен мiндеттi сақтандыру ережесі енгiзiледі.
«Ендi туристiк жолдаманы жасайтын туроператор толық жауапты болады. Сондай-ақ, шетелге өздiгiмен баратын турист те сақтандырылуы тиiс. Шенген визасынан басқа елдерге де осы принцип әрекет етуi керек. Бұл демалыстағы оқыс және басқа оқиғалар кезiнде барлық қаржы шығындарын өтеу үшiн керек», - дедi Симонов.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024