Қазақстанның банк секторындағы ең қымбат бренд анықталды

Қазақстанның банк секторындағы ең қымбат бренд анықталды

Brand Finance консалтингтік компаниясы The Banker журналымен біріге отырып, 2015 жылдың ең қымбат банк брендтердің рейтингісін жасады. Тізімде Казкоммерцбанк бренді 386 млн долларға бағаланды деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Хабарламада жазылғандай, осы жылы Казкоммерцбанк рейтингте 55 позиция жоғары көтеріліп, 292 орынға ие болды. 2014 жылы банк 374-орынға, 2013 жылы 421-орынға тұрақтаған еді. Банк брендінің құны 274 млн доллардан 386 млн долларға дейін көбейді. Осы арқылы Казком бренді қазақстандық банктердің ішіндегі ең қымбат бренд деп танылып, ТОП-500 ішіне кірді. Екінші орында — Халық банкі.

Brand Finance мамандарының есептеуі бойынша, БТА Банк бренді 125 млн долларға бағаланып, 547 орынға тұрақтады. Казком мен БТА банктерінің біріккендегі капитал құны 511 млн доллады құрайды.

Ал әлемдік банк брендтерінің Топ 500 тізімін 34,9 млрд доллар деп бағаланған американдық Wells Fargo бастап тұр. Екінші орын бренд құны 24,5 млрд болатын қытайлық ICBC банкіне тиесілі. Үшінші орында — британдық HSBC (27,28 млрд доллар).

Рейтинг құру кезінде консалтингтік компания Bloomberg-тің қаржылай есептері мен өз зерттеулеріне сүйенген.