Алматы. 6 мамыр. 7kun.kz - Қазинвестабанктің лицензиясынан айырылып қалған активтері мен міндеттері Альфа-Банктің Қазақстандағы еншілесіне (ЕБ) беріледі. Яғни "Альфа-Банктің" (ЕБ) Қазинвестбанк активтерінің бір бөлігіне ие болады.
Осы тұрғыда 2017 жылдың наурызында "Альфа-Банк" (ЕБ) Қазинвестбанк активтерінің сапасын тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, банк лицензиясынан айырылған активтер мен міндеттердің бір бөлігін қабылдауға дайын екендігін хабарлады.
Алайда, Қазинвестбанк активтерінде төлеу мүмкіндігі төмен кредиттер мен жұмыс істемейтін займдар көп. Сондықтан Альфа-Банк кредиттердің қайтарылуына кепіл болған кезде ғана, Қазинвест активтерін қабылдайтыын айтты.
Еске салсақ, 2016 жылдың 26 желтоқсанында Ұлттық банк Қазинвестбанктің банктік және өзге де операциялар жүргізуге және құнды қағаздар нарығында жұмыс істеу лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





