Қазинвестбанктің БЖЗҚ активтері Альфа банкке берілді

Қазинвестбанктің
Фото: kapital.kz

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz — Қазинвестбанктің уақытша әкімшілігі жеке тұлғалардың депозиттерін Альфа банкке берді. Бұл туралы Алматыда өткен пресс-конференцияда уақытша әкімшілік жетекшісі Джемма Зинуллина мәлімдеді.

«19 мамыра біз Альфа банкпен Қазинвестбанктің активтері мен міндеттері туралы акті мен келісімге қол қойды. Біз жеке тұлғалардың 100 пайыз депозиттін өткіздік. Қазақстанда бірінші рет біз депозит салған жеке тұлғалардың қаражатын қорғап қалдық. Депозиттер зейнетақы активтері есебінен берілді. Жеке тұлғалар алдындағы міндеттер 7,8 млрд теңгені құрайды. Ал зейнетақы есебінен берілген салымдар 3 млрд теңге», — деп атап өтті Джемма Зинуллина.

Еске салсақ, бұған дейін ұлттық банк Қазинвестбанк пен Дельта банктің лицензиясын тоқтатқанын«Қазинвестбанктің» АҚ лицензиясынан айырылып қалғанын және онда қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бар екенін хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, кейіннен Қазинвестбанктің активтері мен міндеттері Альфа-Банкке өтетін болған.