Қазком құны 750 млн еуроның еурооблигацияларын өтеді

473
сыбысқа
Фото:ic24.kz

Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz – «Қазкоммерцбанк» АҚ  2007 жылғы ақпанда шығарылған, бастапқы орналастыруы 750 миллион еуро сомасын құраған, қамтамасыз етілмеген үлкен еурооблигацияларды өтеді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстанның банк саласында жалғасып келе жатқан қиындықтар мен әлемдік нарықтағы тұрақсыздық жағдайына қарамастан Қазкоммерцбанк өзінің сыртқы қарыздарын уақытылы төлеу саясатынан бас тартпай, 400 млн.еуроға сәл жетпейтін сомаға Еурооблигацияларын өтеді. Шығарылымның бастапқы сомасы 750 миллион еуроны құраса, қазір бұл сома өтімділікті тиімді басқару мақсатында жоспарлы сатып алынған құнды қағаздардың арқасында азайды» — деді бұл туралы банк төрағасының бірінші орынбасары Абай Искандиров.

«Қазкоммерцбанк» АҚ Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі банктердің бірі болып табылады. Банк активтері 2015 жылғы 31 желтоқсанда 5 094 млрд. теңгені құрады.

Банктің акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (KASE) ресми тізіміне енгізілген. Банк акциялары негізгі активтері болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар (ЖДҚ) Лондон қор биржасының (ЛҚБ) листингінде орналастырылған. Банк ТМД банктерінің арасында бірінші болып 2006 жылғы қарашада 845 млн. АҚШ доллары сомасына Лондон Қор Биржасында ЖДК нысаны бойынша IPO аяқтады.