Қазкоммерцбанк акцияларын сатып алу Халық банкті әлсіретеді — S&P агенттігі

Халық
Фото: news.1.kz

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — S&P Global Ratings (S&P) агенттігі Халық банктің ұзақмерзімді кредиттік рейтингін «ВВ» деңгейінде белгіледі және ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzA» деңгейінде нақтыланды. Негативті болжам бойынша банк СreditWatch тізіміне енгізілді. Бұл туралы qazaqtimes.com хабарлады.

Сондай-ақ, агенттік банктің қысқамерзімді рейтингін «В» деңгейінде бекітті.

«Біз Халық банктің рейтингін CreditWatch Negative тізіміне қостық. Біздің болжауымызша, проблемалы активтері бар Қазкоммерцбанк акцияларын сатып алғаннан кейін ол Халық банктің кредит жүйесінің әлсіреуіне әсер етеді. Сондықтан ішкі бақылау жүйесінде тиімді механизмдерді және бірігетін қаржы ұйымдарының тәуекелдерін басқару жүйесін енгізу үшін басшылық тарапы қосымша шаралар қабылдау қажет әрі бұған ұзақ уақыт керек болады. Ал екі банк арасындағы келісім аяқталған соң Халық банктің жалпы проблемалы кредит портфелінің көлемі (мерзімі 90 күннен асқан кредиттер) 20 пайызға дейін ұлғаюы мүмкін», — дейді агенттік.

Айта кетейік, шілденің басында Халық банк артықшылықты сатып алу құқығын жүзеге асыра отырып, Қазкоммерцбанктің жай акцияларының 96,81% үлесін немесе 1 млрд 296  млн 698 мың 676 данасын сатып алған.