Қазкоммерцбанк смартфон камерасы арқылы төлем жасау қызметін іске қосты

444
Қазкоммерцбанк
7kun.kz

Алматы. 25 қазан. 7kun.kz – Қазкоммерцбанк Homebank Pay төлем сервисін іске қосты. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында банк өкілдері хабарлады.

Жаңа инновациялық сервисті қолдану үшін тұтынушы төмендегі әрекетті жасау керек. Тұтынушы қолындағы смартфон Android немес iOS базасында және оған  Homebank қосымшасының соңғы үлгісі жүктелуі керек. Төлем жүргізу үшін смартфонның камерасы арқылы сатушының (интернет-сайттағы немесе басқа кез-келген жердегі) QR-кодын түсіріп алу қажет. Код суретке түскен сәтте сатушының деректері танылып, төлем жүргізіледі.

«Қаражатты аударатын тұтынушының өзі болғандықтан сатушыға карта деректемелері қажет емес. Бұл транзакциялық тәуекелдің болуын азайтып, қауіпсіздікті жоғарлатады», — дейді Qazkom-ның басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров.

Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша бұл жоба инновациялық әрі әлеуметтік маңызға ие, өйткені ол қолма-қол ақшаның көлеңкелі айналымын азайтуға және төлемдердің бюджетке түсуіне мүмкіндік жасайды.

Жаңа сервиске қосылу үшін сатушы-компания Қазкоммерцбанкпен сауда эквайрингі жөніндегі келісімшартқа отыруы тиіс. Тиісті өнімді қашықтық арқылы, яғни  http://epay.kkb.kz/join сайты арқылы немесе банктің Call-орталығына телефон шалу арқылы жолдауға болады.

Адина Анарбек