Қазкоммерцбанк облигация орналастырып, 30 млрд теңге тартты

357
Қазкоммерцбанк облигация орналастырып, 30 млрд теңге тартты

Қазкоммерцбанк 2014 жылдың қарашасында және 2015 жылдың ақпанындағы бағалы қағаздардың үстіне қосып, Қазақстандық қор биржасына (KASE) тағы да ұзақмерзімді облигациялар салды. KASE ұсынған мәліметтерге сәйкес, облигациялар орналастырудың арқасында банк 30 млрд теңге көлеміндегі қаржы тартты.

Бағалы қағаздардың номиналды құны 1 000 теңге, купондық жылдық мөлшерлемесі — 8,75%. Төлем жасау мерзімі — жылына бір рет.

Бұған дейін аталған банк 2015 жылдың ақпанында 20 млрд теңгенің облигацияларын салған болатын. Жалпы алғанда, осы шығарылым облигацияларының құны 100 млрд теңгені құрайды.