«ҚазМұнайГаз» жанармай бекеттерінде қысқы дизель отынның бағасы өсті

ҚазМұнайГаз
Фото: Today.kz

Алматы. 20 қараша. 7kun.kz — «ҚазМұнайГаз» жанармай бекеттерінде қысқы дизель отыны қымбаттады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Компанияның сайтында қысқы дизель отынының бір литрі 212 теңге деп көрсетілген. Ал жазғы дизель отыны — 155 теңге. Helios жанармай бекеттерінің желісінде қысқы дизель отыны — 219 теңге. «Аурика» компаниясының жанармай бекеттерінде қысқы дизель отыны — 229 теңге.