Бақылаусыз жүрген 20 жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды

айыппұл
Фото: YK-news.kz

Алматы. 25 шілде.7kun.kz —  2017 жылдың маусымында 200-ден астам бала түнде сауық орындарында жүрген. Оларды кәмелет жасқа толмағандармен жұмыс инспекторлары ішкі істер органдарына жеткізген. Бұл туралы  Астананың ІІД ЖПҚ ювеналды полициясы бөлімінің басшысы Самал Ахмет хабарлады.

Бұл балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

«Түнгі рейдтер жүргізу кезінде сауық орындары — компьютерлік, ойын клубтары, кафелер, мейрамханалар да назардан тыс қалмайды. Осы орындарда маусым айында 20 кәмелет жасқа толмаған балалар ата-аналарының бақылауынсыз жүрген», — дейді Самал Ахмет.

Сауық орындарында болған жасөспірімдердің ата-аналары мен заңды өкілдеріне айыппұл салынды. Оның көлемі 3 АЕК құрады, яғни 6,8 мың теңге.

Дереккөз: abctv.kz