Бағалы қағаздар орталық депозитарийі жаңа бағытта жұмыс істейді


Биыл 25 жылдығын атап өтетін Орталық депозитарий ребрендинг жасағанын және бизнес-процестерді оңтайландырып, цифрландыруға бағытталған он жеті IT-бастаманы жүзеге асыратынын хабарлады.

Ребрендинг аясында фирмалық стиль мен офис
жаңартылған және Қазақстанның қаржы нарығының инфрақұрылымдық ұйымы ретінде өзін таныту үшін жаңа тәсілмен жұмыс істемек.

«»Цифрға» көшу, бірінші кезекте, клиенттің сапалы сервиске қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Ол үшін біз жүйелеріміздің өнімділігі мен сенімділігін арттыра отырып, IT-инфрақұрылымын жаңартуды жоспарлап отырмыз. Бұл, әсіресе, соңғы айларда қор нарығында байқалған бөлшек инвесторлар санының тез өсуі аясында өзекті болып отыр», – дейді Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

Депозитарий қызмет көрсету аясын кеңейтіп, қазіргі бизнес-процестерді оңтайландыруға бағытталған он жеті IT-бастаманы жүзеге асырмақ.

Мұның аясында автоматтандырылған банк жүйесі (АБЖ), инвестордың корпоративтік порталы пен факторингтік платформа, сондай-ақ «онлайн» форматында іскерлік қатынастарды орнату үшін жеке кабинеттер іске қосылмақ. Бұлар биыл іске аса бастайды.

Сондай-ақ биыл депозитарийдің жаңа сайты іске қосылмақ.