Бахус

Бахус........................................................................................

«Бахус» акционерлік қоғамы – Қазақстанның шарап жасау саласындағы ірі кәсіпорындарының бірі. Әлемдік шарап жасаудың классикалық технологиясымен шампан өндіретін бірден-бір отандық кәсіпорын.

Тарихы

  • 1948 жылы Алматыда шампан және маркалы шараптар шығаратын зауыттың құрылысы басталды.  Ал құрылысы әлі аяқталмаған жертөлелерде өзінің шарап құрамынан дайындалып бөтелкелерге құйылған шампанның алғашқы даналары сақтауға қойылды.
  • 1950 жылы отандық шампанның алғашқы 5 мың бөтелкесі  Қазақстанның 30 жылдық мерейтойы құрметіне арнап шығарылды. 1955 жылы зауыт пайдалануға берілді, үш жылдан кейін классикалық технология бойынша бөтелкелерде «кюве» түрінде сақталған 300 мыңнан астам бөтелке шығарылды.
  •  1995 жылы  жаңа дайындалған өз коньяк спиртіне арналған коньякқа қосылатын шарап құрамдарын тазарту үшін үздіксіз құйын тәрізді жұмыс істейтін ВАНД-01 аппараты пайдалануға берілді.  Кәсіпорын «Бахус» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
  • 2006-2007 жылдары кәсіпорын «Русский Регистр» халықаралық компаниясы арқылы сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесіне ИСО 9001 ХС және ИСО 2200 ХС сәйкес сертификаттаудан өтті. ИСО 22000 ХС («тамақ өнімдерінің қауіпсіздік менеджменті жүйесі») халықаралық стандарты бойынша «Бахус» АҚ ТМД-да алғашқы болып сертификат алды.

Қазақстанның Шарап жасаушылар одағының зерттеулеріне сәйкес, «Бахус» АҚ-тың Қазақстан бойынша шығаратын өнімінің үлесі келесідей: коньяк – 26%, бренди – 66%, жүзім шарабы – 9%, шампан – 98%.

2013 жылы  «Бахус» АҚ іргетасының қалануының 65 жылдығын атап өтті. «Бахус» АҚ кәсіпорны Алматы қаласында 7,2 га аумақты алып жатыр, оның өзіне тиесілі теміржол желісі бар, бұл дайын өнімді тиеп, оны аймақтарға жіберу үшін қолайлы.

Компания өнімдері 

«Бахус» — Қазақстан бойынша нағыз шампан шығаратын бірден-бір кәсіпорын. Компания өндіретін коньяктардың маркалары республика көлеміне танымал.

КВВК «Батыр» — 10 жылдық конья спирттерінің арнайы тезнологиясы бойынша өндірілген, жоғары сапалы өнім. КВВК «Каhарман» 50 жылдық емен бөшкелерде сақталған 8 жылдық коньяк спирттерінің негізінде жасалған. 3 жұлдызды «Казахстанский» коньягі 3 жылдық коньякті спирт арқылы классикалық технологиямен өңделген. Ал алкогольсіз энергетикалық және градусы әлсіз «C-Jay» сусындары, «Шардоне», «Мерло», «Саперави classic» сұрыпты шараптары, «Dostar Premium» арағы нарыққа өнімнің жаңа түрлерін шығару жобасы аясында дүниеге келді.

«Шампанское (отандық) «Советское 0,75» «Қазақстандағы 2012ж. №1», коньяк (отандық) «Три звездочки ***» «Қазақстандағы 2012ж. №1» шараптары бойынша «Бахус» АҚ «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық байқауының жеңімпазы болды.

Бүгінгі таңда, компанияның брендтер қоржынында алкогольді, алкоголі аз және алкогольсіз өнімдердің 52 түрі бар, оның ішінде: коньяк — 13, бренди — 2, шараптар — 18, газдалған шараптар және шампан шараптар — 8, арақтар және айрықша арақтар — 6, градусы төмен сусындар -4, алкогольсіз сусындар мен табиғи минералды су – 3.

«БАХУС САУДА» Сауда Үйі»

Сауда үйі «Бахус» АҚ-тың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол «Бахус» АҚ-тың алкогольді, алкогольсіз және градусы аз өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағына бөлшек-көтерме сауда түрінде сатуды жүзеге асырады және «Есік шарап зауыты» ЖАҚ-тың мүддесін қорғайды. Компания 2001 жылы құрылған. Тікелей серіктестері ретінде Қазақстан Республикасының 18 қаласындағы ірі алкоголь компаниялары тіркелген, олар ресми дистрибьюторлары болып табылады. «БАХУС САУДА» сауда үйі» ЖШС-ның әрбір дистрибьютордың аумағында орналасқан сауда бөлімінің жеке құрылымы бар. Қазақстан Республикасы бойынша сауда бөлімінің жалпы штат саны шамамен 150 адамды құрайды.

Басшылық

1352351260_dl
Анатолий Киселев

2012 жылдан бері «Бахус» АҚ-ның бас директоры — Анатолий Киселев. Осыған дейінгі негізгі акционері  Артуш Карапетян еді. Бірақ 2012 жылдан бастап ол ресейлік «Трансаэро» әуекомпаниясының директорлар кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Сергей Терещенкомен бірге жекеменшік «Виньяк» компаниясының негізін қалады. Бүгінде бұл кәсіпорын «Бахусқа» шикізат тасымалдайтын жеткізушілердің бірі болып табылады.

2013 жылғы қаржылай есеп қорытындысы бойынша «Бахус» АҚ-ның көрсеткіштері төмендегідей:

  • Акционерлік капиталы- 1 109 027
  • Жалпы капитал көлемі — 3 522 265
  • Жалпы табысы — 398 830

Дайындаған Ақсәуле Әбітай «7»